Алматыда бетперде тағу ұсынылды
Қалада COVID-19 вирусын жұқтырғандардың 80%-ы вакцина алмаған
Алматы қаласының әкімдігі жабық ғимарат пен қоғамдық көлікте бетперде тағуды ұсынды.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елде COVID-19 ауруының көбейіп жатқанын ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.
Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі:
науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру;
вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде кию, – делінген хабарламада.
Әзірге бетпердені тағу ұсыныс қана. Бұған дейін хабарланғандай, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Алматыда COVID-19 вирусын
жұқтырғандардың 80%-ы вакцина алмағанын, сол себептен ауру көбейіп, қала «сары аймаққа» өткенін айтқан болатын.