Моңғолдың атақты балуаны 82 жасында спортпен қоштасты
Ол бес рет Олимпиадаға қатысып, бір рет күміс жүлдегер атанды
Моңғолияның атақты балуаны Хорлогийн Баянмөнх (шын аты-жөні Хорлогийн Сухбаатар) 82 жасында спортпен қош айтысты.
Ол 1944 жылы 28 ақпанда Моңғолияның солтүстік-батысында орналасқан Увс аймағына қарасты Хяргас өңірінде туған. Бала кезінен бері күреске қызығып, есе келе грек-рим, еркін күрестерімен және самбомен айналысып, Моңғолияның атынан көптеген дүрмекті доладарға қатысқан. Балуан халықаралық сындарға қатысып қана қоймай, бес рет Олимпиадада, әлем чемпионатында, Азия чемпионаты мен Азия ойындарында күш сынасқан.
1972 жылы Германияның Мюнхень қаласында өткен жазғы Олимпия ойындарында еркін күрестен күміс жүлдегер атанған. 1975 жылы КСРО-ның Минск қаласында әлем чемпионы болған. 1971, 1974 жылдары әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алған. 1974 жылы Иранның Тегеран қаласында жалауы желбіреген Ащия ойындарында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілген. Сол жарыста грек-рим күресінен күміс жүлдені иеленді. 1974 жылы Моңғолияда самбодан өткен әлем чемпионатын жеңіп алса, келесі жылы Минск қаласында болған әдлемдік додада екінші орыннан көрінген.
Ол 10 жасында әкесінен айырылған соң, күреспен айналыса бастаған. Сөйтіп, 16 жасында бірнеше турнирдің жеңімпазы атанғаннан кейін «піл» атағына ие болған. Ол алғашқы атағын осылай алған.
Енлі міне, Моңғолиядағы барлық спорттағы атақтың бәрін бойына жиған әйгілі балуан қария спортпен қоштасу рәсімін жасап, алаңға шықты.