Алматыда қонақ үйдегі қандаланы улау салдарынан 4 бала ауруханаға түсті
Оқиға Медеу ауданында орналасқан қонақ үйлердің бірінде болған
Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде қандалаға шашылған улы дәріден 4 бала уланып, ауруханаға түсті.
11 шілдеде химиялық уланудан 4 бала балалар шұғыл медициналық орталығына жатқызылды. Олар токсикология жағдайында ем қабылдап жатыр, - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, оқиға Медеу ауданында орналасқан қонақ үйлердің бірінде болған. Ал балалар Алматыға жарысқа келген.