Төрт жасар бала биік үйден құлап кетті

Дастан Жұмабекұлы

Ол бас-ми жарақатын алды

Көрнекі фото

БҚО төтенше жағдайлар департаментіне түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 09.54-те Орал қаласының 5-шағын ауданындағы бес қабатты үйде болды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар ұл бала екінші қабат терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Маңдай тұсы көгеріп, сол жамбасы сынған. Ішінен жабық жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 адам, 1 техника) барды», - делінген хабарламада.