Маймыл шешегі Ресейге де жетті
Оны жұқтырған ер адам Еуропадан оралған
Ресейде маймыл шешегіне шалдығудың алғашқы жайты Еуропадан оралған жас жігітте расталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі ria.ru-ге сілтеме жасап.
Аталмыш жағдай туралы ресейлік БАҚ өкілдеріне Роспотребнадзордың баспасөз қызметі хабарлаған.
Ауру Еуропа сапарынан оралып, өзіне тән бөртпемен емдеу мекемесіне жүгінген жас жігітте анықталды, – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ ведомство бұл аурудың жеңіл түрде өтетінін және науқас адамның өміріне қауіп төндірмейтінін түсіндіреді. Науқас жігіт оқшауланған инфекциялық профильдегі медициналық ұйымда жатыр.
Роспотребнадзорда атап өткендей, инфекцияның одан әрі таралу мүмкіндігі тоқтатылды. Бұған қоса елде маймыл ауруын анықтауға арналған реагенттер жинағы жеткілікті екендігі айтылды.