×

1,5 миллиард теңгеге жөнделген халықаралық әуежайдың ішін су басты (ВИДЕО)

Жаңа атауға ие болған әуежайға алдағы уақытта бюджеттен тағы ақша бөлінетін болды

 Еркеғали Болатұлы 12.07.2022 | 11:42
коллаж: ашық дереккөз

Қомақты қаражатқа күрделі жөндеу жүргізіліп, таяуда ғана Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген Қостанай халықаралық әуежайын су басты. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарына 1,5 миллиард теңге жұмсалған ғимараттың суағар жүйесі жаңбыр суына төтеп бере алмаған.

Жоба бойынша бәрі істелді. Бірақ жаңбыр суы аққан тұсы жаңарған жоқ. Біздің канализация, сондықтан суағар жүйесін өзіміз дұрыстаймыз. Оны жөндеу жолдарын қарастырып жатырмыз. Бұлай болады деп ешкім күткен жоқ, - дейді халықаралық әуежай басқарма төрағасының орынбасары Николай Гембарь.

Оның айтуынша, жөндеу жұмысына кеткен әлгі 1,5 миллиард теңгеден суағар жүйесін жаңартуға ақша артылмаған. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығы жоба бойынша суағаралар жаңғыртылды деп отыр.

Жобада бар. Екі суағар. Бір жағынан, су жазда далаға шығу керек. Қыста канализацияға кетуге тиіс. Соның неге істемей қалғанын анықтаймыз, - дейді басқарма басшысының орынбасары Болат Сейдахметов.

Енді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері мердігер мен жобалаушыны шақыртып, кімнің ағаттық жібергенін анықтамақ. Сөйтіп жаңа атауға ие болған әуежайға алдағы уақытта бюджеттен тағы ақша бөлінетін болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама