Орталық Азияның энергия жүйесіне зақым келген
Бүгін сағат 12:00 шамасында Алматы қаласының бірнеше ауданында электр энергиясы өшіп қалды. Осы жағдайға байланысты Алматы көшелеріндегі бағдаршамдар жұмыс істемей тұр, жолдарда кептеліс пайда болды.
Қала әкімдігі жағдайды түсіндіріп, жарық KEGOC желісінің бойында сөнгенін, желілердегі кернеу төмендеп кеткенін хабарлады. АЖК қосалқы станцияларындағы автоматты басқару жүйесі іске қосылды.
«KEGOC» компаниясы Қазақстанның оңтүстік аймағында жарықтың өшу себебін айтты.
«2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11.59-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) Орталық Азия (Өзбекстан, Қырғызстан) энергия жүйесінде туындаған айтарлықтай апаттық теңгерімсіздіктің салдарынан «Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі» 500 кВ электр энергиясы транзитіне арналған қуаттың төмендеуі орын алды. Соның салдарынан «Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі» транзитінің апатты бөлінуі орын алып, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың басым бөлігі үшін жарық өшті. Шектелу көлемі шамамен 1 500 мегаватты құрайды. Қазір жүйе операторы «KEGOC» АҚ апатты жою іс-шараларын қабылдап жатыр», - делінген компания ақпаратында.
«Самұрық-Энерго» компаниясының мәліметінше, 11.59-да өңірдің солтүстік және оңтүстік бөліктерін байланыстыратын жоғары вольтты электр беру желілеріндегі ақау салдарынан Алматы мен Алматы энергия торабы оқшауланған жұмысқа көшірілді.
«Самұрық-Энерго» компаниясының хабарлауынша, «АлЭС» АҚ және «Мойнақ» су электр станциялары өз жүктемесін сақтап қалғанын және қазіргі уақытта жүйелік оператордың тапсырысы бойынша қуаттылығын арттырып жатыр.
Ал, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның солтүстік энергия көздері – Екібастұз ГРЭС-і көрсетілген жүктемені кідіріссіз жұмыс істеп тұр. Екібастұз ГРЭС-1-де 6 энергоблок жұмыс істеп тұр, ағымдағы жүктеме 2930 МВт, Екібастұз ГРЭС-2-де екі энергоблок жұмыс істейді, жүктеме 950 МВт.