Украинада азаматтық алу үшін украин тілі міндеттелді
Кириллицадан латын әліппесіне көшу туралы да ұсыныс бар
Украина президенті Владимир Зеленский Министрлер кабинетіне Украинаның азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу міндеттелетіні туралы тиісті нормаларды дайындауды тапсырды.
Енді бұдан былай Украинаның азаматтығын алу үшін украин тілінен емтихан тапсыру міндеттеледі.
Бұл туралы Зеленский украин тілінен емтихан тапсыруды ұсынған адамдардың жариялаған петициясына берген жауабында айтты.
Украинада кириллицадан латын әліппесіне көшу туралы да ұсыныс айтылып жатыр. Бұл ұсыныс петиция ретінде 7 маусым күні жарияланған. Оған қол қою әлі жалғасуда.