×

Атырауда алты айда 144 браконьерлік іс сотқа жолданды

14 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынды

 Айнұр Асылбекқызы 12.07.2022 | 11:00
фото: Атырау облысының инспекциясы

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Темірхан Оңайбаев Атырау облысы бойынша биыл алты айда инспекция қызметкерлері балық шаруашылығы саласындағы 1165 құқық бұзушылық фактісін анықтағанын мәлімдеді. Оның ішінде 649 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ал, 505 хаттама аумақтық уәкілетті органның өзінде қаралса, 144 іс әкімшілік сотқа жолданды.

«Биыл 642 балық қорғау заңнамасын бұзушыға 14 млн 414 мың теңге соммасында әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде мемлекет пайдасына 550 құқық бұзушыдан 10 млн 913 мың теңге өндірілді. Балық ресурстарына келтірілген зиян үшін 14 құқық бұзушыға 592 мың теңге сомасында талап берілді. Прокуратура, полиция, шекара қызметі және көліктік бақылау инспекциясы сияқты мемлекеттік органдардың балық қорғау заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде кейбір көрсеткіштерді төмендету мүмкін болды», - деді Темірхан Оңайбаев.

Сондай-ақ, биыл жүргізілген рейд іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 7 тонна 378 келі балық өнімі оның ішінде 688 кг бекіре тұқымдас балығы тәркіленді. Заң бұзушылардан түрлі 543 балық аулау құралы және 113 бірлік көлік және жүзу құралы тәркіленді. Сондай-ақ, 1814 дана иесіз ау, қармақ сияқты құралдар табылып, алынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама