Қару-жарақтар қоймасын жоюға соққы жасалды
Украина әскері ел президенті Владимир Зеленскийдің бұйрығы бойынша Ресей басқыншыларының қол астындағы Херсон облысына жойқын қарсы шабуылға шықты.
Бұл туралы Times Moskow News хабарлады.
Украина Қарушы күштері дүйсенбі күні кешке Ресей оккупациялық әкімшілік орнатып, рубльді айналымға енгізген және аннексия туралы «референдум» өткізуді жоспарлап отырған Херсон облысының Жаңа Каховка ауданынан соққы жасады, – делінген хабарламада.
Одесса облысы әскери әкімшілігінің спикері Сергей Братчуктың айтуынша, қару-жарақтар қоймасын жоюға соққы жасалды.
Украина телеграм-каналдары Жаңа Каховкадағы оккупанттардың базасына соққы берілген кезде онда кемінде 50 бензовоз бен 200-ге жуық РСЗО «Смерч» ракетасы болғанын хабарлады.
Ресейлік әскерилер соққының Жаңа Каховка ГЭС-і тоғанының жанына түскенін мәлімдеді. Бірақ кейінірек селитра қойылған қойманың жарылып кеткенін мойындады.
Осының алдында Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников президент Владимир Зеленскийдің бас штабқа елдің оңтүстігіндегі экономика үшін барынша маңызды территорияны қайтарып алу шабуылына шығатын уақыт келгенін айтып, іске кірісуге бұйрық бергенін баяндаған болатын.
Америкалық HIMARS қаруының арқасында украин әскерилері екі аптада жаудың 10-нан астам қару-жарақ қоймаларын жойып жіберген. Тек соңғы тәуліктерде ғана оккупанттарға 30 соққы берілген.