Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды
Тиісті өкім шықты
Талғат Жақан Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметіне келді.
Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.
11 қаңтарда Президент Іс басқарушысы қызметіне Айбек Дәдебаев келген болатын.
Бүгін сондай-ақ Дариға Назарбаеваның құдасы Берік Имашев қызметінен босатылды.