Ол құзырлы органнан жасырыну үшін тегін өзгерткен
Мәскеуде жемқорлық қылмысын жасады деп күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген Болат Алтынбеков ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Агенттіктің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековті халықаралық деңгейде іздестірген.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресейдің құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және ҚР ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбековті ұстап, қамауға алды, - деп жазылған хабарламада.
Ол тергеу органдарынан жасырыну үшін өзінің тегін «Алшер» деп өзгерткен.
Бүгінде оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталды.