Halyq Uni логотип
×

Украина қарулы күштері ірі шайқасқа дайындалып жатыр

Ел билігі тұрғындарды бұл аумақтан кетуге үндеді

 Халық үні 12.07.2022 | 07:43
Украина қарулы күштері ірі шайқасқа дайындалып жатыр
фото: ашық дереккөзден

Украина қарулы күштеріне елдің Ресей басып алған оңтүстіктегі жерлерін қайтаруға дайындалу туралы бұйрық берілді. Елдің қорғаныс министрі Алексей Резников британиялық «Сандэй Таймс» газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін Киев серіктестерінен нақты қару түрлерін сұрап отыр. Өткен аптада Украина билігі Запорожье мен Херсон облыстарының тұрғындарын ірі шайқас жүретінін ескертіп, бұл аумақтардан кетуге үндеді. Ал сенбіде Ресей күштері Донецк облысының Часов Яр қаласын зымырандармен атқылаған. Снаряд тұрғын үйге құлап, 15 адам қаза тапты. Үйінділер астында 20-дан астам тұрғын болуы мүмкін.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Часов Яр маңында жоғары дәлдікпен америкалық гаубица тұрған қойманы жойғанын және 30-дай украиналық сарбаз мерт болғанын мәлімдеді. Алайда тұрғын үйге ракета түскені туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Президент Владимир Зеленский болса, Украина қалаларын атқылауға қатысқан барлық ресейлік әскери қызметкер анықталып, табылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама