«Ресей халқының санын 50 миллионға дейін қысқарту керек» - экс-президент

Халық үні

Экс-президент Батыс өз ықпалын кеңейтуге мүдделі екендігін айтты

фото: ukrainform

Нобель сыйлығының лауреаты, Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса Ресей халқының санын 50 миллионға дейін қысқартуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz

«Ресейде 60 ұлт өмір сүреді, олар сіңісіп кеткен, украиндар да солай жұтылуы мүмкін. Біз бұл халықтардың көтерілуіне көмектесуіміз керек. Ресейдің саяси жүйесін өзгерту керек немесе Ресей халқының санын 50 миллионға дейін азайту керек», – деді Валенса.

Оның айтуынша, елдегі саяси жүйенің ауысуын тездетіп, халықтардың көтерілісін ұйымдастыру қажет.

«Украина бұл соғыста жеңіске жетсе де, бес жылдан кейін де жағдай өзгере қоймас, ал он жылдан кейін біз тағы бір «Путиннің» пайда болғанына куә боламыз. Егер бұл елдің саяси жүйесін өзгерту мүмкін болмаса, оның ыдырауы әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», – деп басып айтты Валенса.

Польшаның экс-президенті Батыс өз ықпалын кеңейтуге мүдделі екендігін айтты.

«Біз Батыстың өз ықпалын демократиялық жолмен НАТО арқылы, Еуропалық Одақ арқылы кеңейтіп жатқанын түсінуіміз керек. Ресей болса, зорлық-зомбылыққа жүгініп өз үстемдігін орнатпақшы», – деді саясаткер.