Құжаттар бүгіннен бастап қабылданады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының бірінші қол қойған құжаты - «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң.
Екіншісі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Бұған дейін Президент Салық кодексіне өзгерістер енгізу мен жаңа облыстардағы Сенат депутаттарын сайлау күнін тағайындау туралы заңдарға қол қойған болатын.