Жәрмеңкеге 60-тан астам компания қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан әкімдігі қаланың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірігіп, жастар мен ЖОО және колледж түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жәрмеңкеде 60-тан астам жұмыс беруші өнеркәсіп, туризм мен сауда саласында мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды.
Жыл соңына дейін тағы 10 жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз. Іс-шараның негізгі мақсаты - жастарды жұмысқа орналастыру, олардың әлеуетін ашу, кәсіби дағдыларын дамыту. Бүгінде мұнда 60 - тан астам жұмыс беруші-ірі бизнес өкілдері, соның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, туризм және сауда саласында жұмыс істейді. Ізденушілер өздеріне ұнайтын компанияны таңдап, еңбек нарығында бағдарлай алады, – деді елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.
Бос орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, ізденушілер үшін де ақысыз негізде өткізіледі.
Жұмысқа орналастыру бойынша қолданыстағы бағдарламалар бойынша толық ақпарат https://czn.kz/ru Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының сайтынан көруге болады.