Halyq Uni логотип
×

Елордада жастарға мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды

Жәрмеңкеге 60-тан астам компания қатысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 11.07.2022 | 17:56
Елордада жастарға мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды
фото: gov.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігі қаланың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірігіп, жастар мен ЖОО және колледж түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жәрмеңкеде 60-тан астам жұмыс беруші өнеркәсіп, туризм мен сауда саласында мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды.

Жыл соңына дейін тағы 10 жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз. Іс-шараның негізгі мақсаты -  жастарды жұмысқа орналастыру, олардың әлеуетін ашу, кәсіби дағдыларын дамыту. Бүгінде мұнда 60 - тан астам жұмыс беруші-ірі бизнес өкілдері, соның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, туризм және сауда саласында жұмыс істейді. Ізденушілер өздеріне ұнайтын компанияны таңдап, еңбек нарығында бағдарлай алады, –  деді елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.

Бос орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, ізденушілер үшін де ақысыз негізде өткізіледі.

Жұмысқа орналастыру бойынша қолданыстағы бағдарламалар бойынша толық ақпарат https://czn.kz/ru Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының сайтынан көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама