Halyq Uni логотип
×

Биыл күзде әлем халқының саны 8 млрд-қа жетеді – БҰҰ

Жердегі халықтың өсу қарқыны баяулаған

 Дәурен Ерболат 11.07.2022 | 17:13
Биыл күзде әлем халқының саны 8 млрд-қа жетеді – БҰҰ
Фото: vokrugsveta.ru

2022 жылғы қарашада әлем халқы 8 млрд адамға жетеді, деп хабарлайды БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті.

Болжамға сәйкес, биыл 15 қарашада әлем халқы 8 млрд адамға жетеді, - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ 2020 жылы әлемдегі халықтың өсу қарқыны 1950 жылдан бері алғаш рет 1%-ға төмендеген.

БҰҰ дерегінше, 2030 жылы әлем халқы шамамен 8,5 млрд-қа жетуі мүмкін. 2050 жылға қарай жердегі халық саны 9,7 млрд-қа, ал 2100 жылға қарай 10,4 млрд-қа жетеді.

Біріккен ұлттар ұйымы 2050 жылға қарай 8 елде, атап айтқанда Конго Демократиялық Республикасы, Мысыр, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзанияда халық саны айтарлықтай өседі деген болжам жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама