Елімізде 84 мың студент жатақханаға зәру

Наима Нұрәлі

Жаңа оқу жылында жатақханадан орын бәріне бірдей бұйырмайын деп тұр

фото: stan.kz

Елде 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж, деп хабарлады «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Айнұр Сағындықова.

«Біз инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақхана құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Бұл жобаға әлеуметтік нысанды салушы ретінде ғана емес, табысты және келешегі мол бизнес жоба ретінде қараған жөн», - дейді Айнұр Сағындықова.