Қарттар үйінде 61 жастағы ер адам суицид жасады
Мүгедектігі бар азамат өз бөлмесінде асулы күйі табылды
Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 61 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады «Мой город» порталы.
Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Десе де ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады.
Екінші топ мүгедегі 2008 жылдан бері Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрады. Оған биполярлы аффективті бұзылыс, жыл сайын өршитін аралас психикалық түр, гипоманиак жағдайы, орташа айқын гипопато-гипобуликалық ақау диагнозы қойылған. Сонымен қатар ол биыл облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығында ем қабылдады.
Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.