Halyq Uni логотип
×

Ресейде тағы бір шетелдік компания жұмысын тоқтатты

Ол түрлі тұрмыстық техника шығарады

 Дәурен Ерболат 11.07.2022 | 14:33
Ресейде тағы бір шетелдік компания жұмысын тоқтатты
Фото: profile.ru

Electrolux Professional швед компаниясы Ресей нарығынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Қазіргі жағдайға Ресейде бизнесті жүргізу мүмкін емес деп баға берілді. Осыған байланысты Electrolux Professional елдегі қызметін тоқтатады. Electrolux Professional Ресейдегі өз қызметін жергілікті менеджментке береді, - деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Компанияның президенті және бас директоры Альберто Заната Electrolux Professional Ресейге енгізілген барлық санкция мен экспорттық шектеулерді сақтайтынын атап өтті.

Ресей нарығында жұмысты тоқтату компанияға 35 млн швед кроны немесе шамамен 3,3 млн доллар көлемінде шығын әкеледі. Болжамға сәйкес, бұл компания жұмысына айтарлықтай кері әсерін тигізбейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама