Halyq Uni логотип
×

Елордада есігі ашық қалған пәтерге ұры түсті

Күдікті әрбір үйді тексеріп жүрген

 Наима Нұрәлі 11.07.2022 | 10:26
Елордада есігі ашық қалған пәтерге ұры түсті
Фото: inform.kz

Нұр-Сұлтанда 32 жастағы әйел есігі ашық қалған пәтерден ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап кетті, деп хабарлайды полиция департаменті.

Күдікті Ыбырай Алтынсарин көшесіндегі тұрғын үй кешенінде әрбір пәтердің есігін тартып тексерген. Кейін ол есігі ашық қалған пәтерге кіріп, ақша мен алтын бұйымдар салынған сөмкені қолды еткен. Шығын мөлшері – 620 000 теңге.

Полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы әйелді ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Бүгінде бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарға үйдің есігін ашық қалдырмауды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама