Бүгінде 14 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 454 дерегі тіркелді:
Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 309 888 адамға жетті.
Сондай-ақ 126 адам коронавирустан айықты:
Қазақстанда барлығы 1 293 448 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
11 шілдедегі мәлімет бойынша, 2 837 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 291 науқас стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 14 адамның жағдайы ауыр, ал жағдайы өтеу ауыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқас жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше Қазақстанда 477 адам COVID-19 жұқтырған еді.
Бүгінде тек Алматы қаласы «сары» аймақта тұр.