Елімізде тек бір өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ
Бүгінде 14 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 454 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 118,
- Алматы қаласында – 200,
- Шымкент қаласында – 23,
- Ақмола облысында – 7,
- Алматы облысында – 30,
- Атырау облысында – 16,
- Шығыс Қазақстан облысында – 3,
- Жамбыл облысында – 17,
- Батыс Қазақстан облысында – 1,
- Қарағанды облысында – 11,
- Қостанай облысында – 3,
- Қызылорда облысында – 12,
- Маңғыстау облысында – 2,
- Павлодар облысында – 5,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 3,
- Түркістан облысында – 3,
- Ақтөбе облысында – 0.
Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 309 888 адамға жетті.
Сондай-ақ 126 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 40,
- Алматыда – 74,
- Атырау облысында – 9,
- Павлодар облысында – 2,
- Түркістан облысында – 1.
Қазақстанда барлығы 1 293 448 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
11 шілдедегі мәлімет бойынша, 2 837 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 291 науқас стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 14 адамның жағдайы ауыр, ал жағдайы өтеу ауыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқас жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше Қазақстанда 477 адам COVID-19 жұқтырған еді.
Бүгінде тек Алматы қаласы «сары» аймақта тұр.