Олар жағалаудан 30 метр қашықтықта болған
Қапшағай су қоймасында құтқарушылар екі қызды өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 10 шілде күні сағат 15.10 шамасында тіркелді. Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы осы уақытта Қапшағай су қоймасындағы №7 қалалық жағажайда болған.
Олар суға батып бара жатқан қыздарды байқап қалып, жағалаудан 30 метр қашықтықта 2007 және 2006 жылғы жеткіншектерді ажалдан арашалап қалды.
ТЖД тұрғындарды суға шомылу маусымында сақ болуға шақырады.