Сәбидің салмағы шамамен үш кило
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында төрт аяғы және төрт қолы бар бала өмірге келді.
Бұл туралы Daily Star-ға сілтеме жасап, Lenta.ru хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, Камила есімді әйелдің толғағы 2 шілдеде басталған. Ол тез арада ауруханаға жеткізіліп, салмағы үш кило сәбиді туған. Бала туа сала өзге балаларға ұқсамайтын болып шықты. Әйел төрт қолы бар, төрт аяқты нәрестені дүниеге әкелді.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың денсаулығы жақсы. Анасының жағдайы да бір қалыпты. Сәбидің жынысы хабарланбаған.