×

Қағбадан 500 метр биіктіктегі ерекше намазхана

Мусалла осыншалықты биікте болғанына қарамастан, Қағбаға ең жақын орналасқан намазхана

 Қанат Атаманов 11.07.2022 | 07:00
Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде Mecca’s Royal Clock Towerhotel мейманханасының ең жоғарғы қабатындағы құлшылық бөлмесіндегі намаз оқып жатқан мұсылмандардың суреті кең тарап кетті. 10 адамға арналған шағын бөлме Мекке қаласындағы ең ерекше намазхана саналады, деп хабарлайды alarabiya.net сайты.

Араб халқында «Мусалла» деп аталатын құлшылық бөлмесі «Абрадж аль-Бейт» сағатты кешенінің жарты ай мұнарасы құрылымында, жер бетінен 600 метр және Қағбадан 500 метр биіктікте орналасқан.

Құлшылық бөлмесі жарты ай құрылымындағы «Аллаһу Әкбар» жазбасының «Алиф» әрпінде орын тепкен. Әріп диаметрі – 23 метр.

Айта кетсек, Мусалла осыншалықты биікте болғанына қарамастан, Қағбаға ең жақын орналасқан намазхана.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама