×

Украинаны қаржыландыруға ниеті жоқ. Германия 9 млрд доллар көлеміндегі көмекке тыйым салады

Бұл Берлин мен Киев арасындағы шиеленістің артуына әкелуі мүмкін

 Қанат Атаманов 10.07.2022 | 23:20
Фото: ашық дереккөздерден

Қазіргі уақытта Германия билігі газ жеткізуге қарсы ресейлік санкцияларды айналып өтуге тырысуда. Бұл Берлин мен Киев арасындағы шиеленістің артуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Corriere della Sera газеті.

Бұл шешім кеше Владимир Зеленскийді Украинаның Германиядағы елшісі Андрей Мельникті қызметінен босатуға итермелеген себептердің бірі болуы мүмкін. Киевке айына 5 миллиард доллар көлемінде көмек қажет. Ал экономикалық сарапшылар қыркүйек айында Украинаның 900 миллион еуро көлемінде сыртқы қарызды өтеу үшін дефолт жариялауының маңызды мүмкіндігін жоққа шығармайды, - деп жазды Италияның ең ірі басылымы.

Айта кетсек, Ресей-Украина әскери қақтығысы басталғаннан бері Андрей Мельник бірнеше рет немістердің намысына тиген болатын. Атап айтқанда, ол Германия канцлері Шольцты қорқынышты бауыр шұжығы деп атап, Германияның Украинаға ескі қару-жарақ беруден бас тартуын сынға алған-ды.

Біз бұған дейін Владимир Зеленскийдің Украинаның бес елдегі елшісін қызметінен босатқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама