×

Шри-Ланкадағы президенттің резиденциясында 17,8 млн рупий табылды (ВИДЕО)

 Қанат Атаманов 10.07.2022 | 21:30
Фото: ашық дереккөздерден

Резиденцияға басып кірген наразылық білдірушілер президент Готабая Раджапакстың кабинетінен 17,8 миллион рупий (49,1 мың АҚШ доллары) тапқан. Ол шкафтардың бірінде жасырынған, деп хабарлайды Daily Mirror.

Әлеуметтік желіде ғимаратққа басып кірген азаматтардың табылған ақшаны есептеп жатқан видео тарады. Кейін бұл қаражат елдің қауіпсіздік бөлімшелеріне тапсырылды.

Айта кетсек, 9 шілдеде мыңдаған адам Шри-Ланка астанасы Коломбо көшелеріне шығып, президент Готабая Раджапаканың отставкаға кетуін талап еткен болатын. Соңғы ақпарат бойынша, наразылықтар кезінде кем дегенде 40 адам зардап шекті.

Біз бұған дейін жаппай наразылықтан кейін Шри-Ланка президентінің отставкаға кеткенін жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама