Halyq Uni логотип
×

Теңіздегі жарылысқа байланысты 4 мыңға жуық қызметкер демалысқа жіберілді

Сынақ жүргізген мердігер ұйым жұмысын уақытша тоқтатты

 Халық үні 10.07.2022 | 15:35
Теңіздегі жарылысқа байланысты 4 мыңға жуық қызметкер демалысқа жіберілді
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы «Senimdi Kurylys» ЖШС өндірістік қатынастар жөніндегі менеджері Гүлмира Бапанова мәлімдеді, деп хабарлайды Zello_Tengiz. 

Теңіздегі қайғылы оқиға «Senimdi Kurylys» ЖШС қызметкерлері вахтасының аяқталуына екі күн қалғанда болған. Гүлмира Батпанованың айтуынша, сынақ жүргізген мердігер ұйым жұмысын уақытша тоқтатты және 4 мыңға жуық қызметкер демалысқа жіберілді.

Болған оқиғадан кейін жұмыс ішінара тоқтатылды, жұмысшыларға осы күндеріне жалақы төленетінін ескере отырып, үйлеріне жіберілді. Болған оқиғаның себебін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Бұл бізде алғаш рет. Компания қауіпсіздік ережелеріне ерекше мән береді, — деді Гүлмира Батпанова.

«Senimdi Kurylys» компаниясы Теңіз кен орнында 30 жылдан бері мердігер ретінде құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты.

Зардап шеккендердің бірі қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оған шұғыл ота жасалды. Жарылыс салдарынан Құрманғазы ауданының тұрғыны, 1996 жылы туған науқастың барлық ішкі мүшелері зақымданып, омыртқасы мен бірнеше қабырғасы сынған. Оның бүгінгі жағдайы өте ауыр, — деді дәрігер.

Оның айтуынша, 1998 жылы туған екінші жәбірленушіге алғашқы психологиялық көмек көрсетілген. Психологтардың жұмысы жас жігіттің күйзелістен шығуына көмектесті. Енді ол есін жиды. Ал, Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілген үшінші зардап шегушіге келсек, науқас қолхат бойынша үйіне шығарылды.

Еске салайық, 6 шілде күні таңертең Теңіз кен орнында құбыр жарылған еді. Оқыс оқиғаның салдарынан екі жұмысшы қаза тауып, үшеуі жарақат алды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама