Фаст-фуд дәмханасында кассир болған: Шымкентте 9-сынып оқушысы қайтыс болды
Оқушы неден қайтыс болғанын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалыпты
Шымкенттегі ойын-сауық орталықтарының біріндегі фаст-фуд әзірлейтін дәмханада оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметі
Туыстарының айтуынша, тоғызыншы сыныпты биыл тәмамдаған Ағару Құралбай ол жерде кассир болып жұмыс істеген екен.
Жақындары, алғашында суыт хабарды жеткізгендер оқушыны электр тогы ұрғанын айтқан еді дейді. Жедел жәрдемді де сол уәжбен шақыртқан. Бірақ Ағарудан айырылып қалған жақындары бұл орында техникалық қауіпсіздік сақталмаған дейді.
Қазір аталған жәйт бойынша Қаратау полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Оқушы неден қайтыс болғанын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалыпты. Қазір фаст-фуд әзірлейтін орын уақытша жұмысын тоқтатқан.