Halyq Uni логотип
×

«Ресей Қазақстанға шабуыл жасамайды» - Арман Шораев (ВИДЕО)

Бүгінгі күннің ақиқаты осы...

 Халық үні 10.07.2022 | 07:45
«Ресей Қазақстанға шабуыл жасамайды» - Арман Шораев (ВИДЕО)
фото: Сұрауы бар Youtube арнасы

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап Ресей – еліміздің стратегиялық серіктесі және одақтасы болып келгеніне қарамастан, соңғы кезде әлеуметтік желілерде Қазақстанға қатысты Ресей саясаткерлері тарапынан түрлі арандатушылық әңгімелердің айтылып келгені мәлім.

Қоғам белсендісі Арман Шораев Ресей Қазақстанға шабуыл жасайды деген қауесетке қатысты өзінің Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді. 

Оның айтуынша, Ресей Федерациясы қыкүйек айында Қазақатанға шабуыл жасамайды. Бұл жалған ақпарат. 

«Ресей Украинаға соғыс ашқаннан бастап, Украина тек өз елінің тұтастығы мен халқының бостандығы үшін соғысып жатқан жоқ. Украина халқы ТМД құрамына кіретін барлық мемлекеттердің демократиялық бағытта дамуы үшін соғысып жатыр. Бүгінгі күннің ақиқаты осы. Сондықтан да, қазақ халқы осы бір қысылтаяң шақта украин халқын қолдау керек», - дейді қоғам белсендісі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама