Нұр-Сұлтанда бензин қоры 16 күнге ғана жетеді
Қазір елімізде АИ-95 қоры 40 мың тонна
Қазақстанда ай сайын 70 мың тонна АИ-95 маркалы бензині қолданылады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазір елімізде АИ-95 қоры 40 мың тонна, ай сайынғы тұтыну көлемі 70 мың тоннаны құрайды», - деген хабар таратты министрліктің баспасөз қызметі.
Ақпаратта айтылғандай бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы бензин қоры 16 күнге жетеді.
«Егер жанар-жағармай құю бекетінде бензин сатуға қатысты шектеу болса, оның мән-жайын сол жерден сұрау керек», - делінген хабарламада.