Ол Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі
Елорда сотының санкциясымен наурыз айында қамауға алынған Гүлмира Сатыбалдыны күзетпен ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы сотының ресми сайты.
«2022 жылғы 9 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.
Еске сала кетейік, 18 наурыз күні Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынған болатын.