Әлемдік рейтингте 2 орында тұрған тунистік теннисшіні тізе бүктірді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өткен Wimbledon (Уимблдон) турнирінің финалында әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Елена Рыбакина бірінші сетте 3:6 есебімен жеңілгенімен, екінші сетте қарсыласын 6:2 есебімен ұтты. Елена үшінші сетте де керемет өнер көрсетіп, қарсыласын 6:2 есебімен қапы қалдырды.
Онс Жабер араб әйелдері арасынан және Солтүстік Африка елдерінен Grand Slam жарысына шыққан алғашқы теннисші болып саналады, ал 23 жастағы Елена Рыбакина – 2015 жылдан бері Wimbledon турнирінің финалына шыққан ең жас теннисші.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина 7 шілдеде өткен жартылай финалда әлемдік рейтингте 18-орында тұрған румыниялық 30 жастағы Симона Халепті жеңді - 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.