Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында үш бірдей емхананың құрылысы аяқсыз қалды

Дерті дендегенде дәрігерге көріну үшін он шақырымнан астам жердегі орталыққа баруға мәжбүр

 Халық үні 09.07.2022 | 19:33
Түркістан облысында үш бірдей емхананың құрылысы аяқсыз қалды
коллаж: Halyq Uni

Түркістан облысы Ордабасы ауданында үш бірдей емхананың құрылысы мерзімінде бітпей, аяқсыз қалды. Мемлекекеттік жекеменшік әріптестік аясында басталған тірліктің тоқтап тұрғанына үш жылға жуықтады. Қабырғасы қаланып, төбесі жабылған ғимараттардың құрылысы бітпей жатып тозып барады. 

Сейілкүл апаның жасы ұлғайған сайын ауру сырқауы да көбейіп барады. Қан қысымы жоғары еді, былтыр оған сусамыр қосылды. Дерті дендегенде дәрігерге көріну үшін он шақырымнан астам жердегі орталыққа баруға мәжбүр.

Үйде жатамыз бүк түсіп, Азғантай дәріміз 2-3 айға беріп еді. Таусылды. Енді соның соңынан тағы жүреміз. Сол үшін мына жерден мед. пункт болса, күндізгі стационар болса. Күннің ыстығында ары-бері шауып жүре берген оңай дейсіз бе?, - дейді ауыл тұрғыны Сейілкүл Әбіш. 

Жалғыз Аққойлы ауылы емес, іргедегі Сарытоғай мен Жусансай елді мекені тұрғындарының да басындағы жағдай осы. Әрқайсысында 500-ден астам халық бар.

Кішкентай бар, үлкеніміз ауырсақ 10-12 шақырым жерге шапқылайсың. Ол жерге жедел жәрдем шақырсаң ол келемін дегенше кететін адам кетеді, - дейді ауыл тұрғыны Оңғар Қорғанбаев. 

Халықтың талабын ескеріп, 2019 жылы үш ауылда медициналық пункттің құрылысы басталған болатын. Үшеуін де салып беруді бір инвестор мойнына алған. Ғимараттар тұрғызылып болған кезде мердігердің ісі сұйылып кетті. Артынан жұмыс мүлдем тоқтап қалды. Енді бұл істі өзге инвестор жалғастырмақ.

Бұрынғы «Сабина Арыстанның» орнына «ВИП» компаниясы алды ғой. Енді планды денсаулық басқармасына барып, корректировка жасатып жатыр. Сол жасалып бітіп, қол қойылған соң бастайміз дейді, - Шұбар ауылы дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігер Күдәндә Мырзабай. 

Денсаулық сактау басқармасы қазір әріптес болатын өзге компаниямен келісім жасауда. Әзірге жұмыстың нақты қай кезде басталатыны белгісіз.

Дереккөз: Qazaqstan.tv

Серіктес жаңалықтары

Сараптама