Шымкент-Нұр-Сұлтан ұшағы қозғалтқышының істен шығуына байланысты ұшқан әуежайына оралды

Халық үні

Биікке көтерілу кезінде «Эйр Астана» ұшағының сол жақ қозғалтқышы істен шыққан

Фото: ашық дереккөздерден

Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша А320 әуе кемесімен КС 342 рейсті орындау кезінде ұшақтың сол жақ қозғалтқышы істен шықты.

Экипаж барлық қажетті процедураны орындады. Жағдайды бақылауға алып, Шымкент әуежайына оралу туралы шешім қабылдады. Ұшақ аман-есен қонды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көліктегі апаттар мен оқиғаларды тексеру департаментімен бірлесіп аталған оқиғаны тергеу жоспарланып отыр.

Жолаушылар FlyArystan мен Air Astana әуе компанияларының жақын арадағы тікелей рейстерімен ұшып кетеді.