Талғарда әйел көпірден өзенге құлап қаза тапты

Халық үні

Талғар бөгетінде өзенге көпірден құлап, мерт болған әйелдің мәйіті табылды

Видеодан кадр

Бұл туралы  kris_p_talgar сайты жазды.

Бірнеше күн бұрын сегіз адамнан тұрған альпинистер тобы бекетті айналып өтіп, «Маралсай» демалыс базасының жанындағы тауға шыққан. Олар құтқарушыларға 6 шілдеде кешке «Спутник» демалыс орталығының үстіндегі кішкентай ағаш көпірден альпинистердің бірі құлап кеткенін хабарлады.

Әйелдің жасы қырықта еді. Оны өзен ағысы алып кетті. Сол кеште полицейлер, құтқарушылар және қорықтың қызметкерлері альпинисті іздеуге шықты. Іздеу түн ортасынан тоқтап, таңертең жалғасты. Жер экскаватормен тазартылған соң марқұмның мәйіті табылды.

Ауыр рюкзак пен қауіпті көпір құлауға себеп болды, - делінген Instagram-дағы хабарламада.