Қостанай облысында жантүршігерлік апаттан әйел мен оның екі жасар қызы көз жұмды

Қанат Атаманов

Сондай-ақ, жол апатынан 1989 және 1994 жылы туған тағы екі ер адам мен 1986 жылы туған әйел зардап шекті

Фото: ашық дереккөздерден

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында 28 жастағы әйел мен оның екі жасар қызы қаза тапты. Жантүршігерлік оқиға Дүзбай ауылының тұсында болды. Бұл туралы Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қыз оқиға орнында көз жұмса, оның 1994 жылы туған анасы мен 2013 жылы туған ағасы ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, әйел ауыр жарақаттан қайтыс болды.

Бала аудандық орталық аурухананың жансақтау бөлімінен облыстық балалар ауруханасына санитарлық авиациямен жеткізілді. Травматологтар мен хирургтер үш сағат ота жасады. Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, - деп хабарлады басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Сондай-ақ, жол апатынан 1989 және 1994 жылы туған тағы екі ер адам мен 1986 жылы туған әйел зардап шекті. Олардың барлығы Әулиекөл аудандық ауруханасының жарақат бөліміне жатқызылды.