Әзілкеш Украинадағы соғысқа деген көзқарасын білдіруді сұраған Ксения Собчакты өз қойылымдарының бірінде «жылқы» деп атаған
Ресейдегі «Әділетті Ресей – ақиқат үшін» партиясының көшбасшысы Сергей Миронов РФ тергеу комитетін Ксения Собчакты келемеждеген қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеру жүргізуге шақырды, деп жазады Ulysmedia.kz сайты.
Депутат әзілкештің Украинадағы соғысқа деген көзқарасын білдіруді сұраған Ксения Собчакты өз қойылымдарының бірінде «жылқы» деп атағаны үшін ашуланған.
Біздің телевизияда тәрбиеленген Нұрлан Сабуров алдымен АҚШ-қа тур жасады. Ондағы көрермендер Украинада арнайы әскери операцияны өткізу туралы сұрақтарымен қойылымдардың шырқын бұзды. Содан кейін ол тып-тыныш Ресейге қайтып оралады. Қазір біздің елде гастроль өткізіп жүр. Келе салып Ксения Собчакқа шабуыл жасады, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сергей Миронов Тергеу комитеті Нұрлан Сабуровтың өнерін тексеріп, қажет болған жағдайда қатаң түрде жазалауы керек деп есептейді.
«Ксения Анатольевнаға түрлі көзқарас болуы мүмкін – біреуі ұнатады, біреу ұнатпайды. Бірақ сахнада тұрып оны ашық қорлауға, балағаттауға болмайды. Тергеу комитеті әзілкеш Сабуровтың сөздерін мұқият қадағалап, тексеруі керек. Егер заң бұзушылықтар болса, заң бойынша қатаң жазалансын. Еркінсігені жетер!» - деп қорытындылады депутат.