Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында дәретхана шұңқырына құлап кеткен бала құтқарылды (видео)

Шұңқыр тереңдігі төрт метр екен

 Халық үні 24.01.2022 | 13:20

Түркістан облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды.

2022 жылғы 23 қаңтарда «112» қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды.

Құтқарушылар сағат 14:14-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығырып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, – дейді ТЖМ.

Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазір баланың жағдайы тұрақты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама