8 шілдедегі ресми бағам – 1 доллар үшін 477,24 теңге
Ұлттық банктің 8 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 477,24 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттықтағы мәліметке қарағанда, доллар бағамы 7 шілденің кешімен салыстырғанда 2,51 теңгеге арзандап, 1 доллар 474,92 теңге болды.
Kurs.kz-тің хабарлауынша, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478,50 теңге.