×

Әнуар Жанғозин «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы болды

Бұған дейін орталықты Айнұр Қарбозова басқарған еді

 Халық үні 24.01.2022 | 12:30
фото: ашық дереккөзден

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әнуар Жанғозин «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

ӘНУАР ЖАНҒОЗИН

1986 жылы дүниеге келген.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Математика» мамандығы бойынша және «Назарбаев университетінің» магистратурасында «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша оқыды.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2008-2011 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директор орынбасары болып жұмыс істеді.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама