Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметінен босатылды

Халық үні

Бюроны Нұрболат Айдапкелов басқарған еді

фото: ашық дереккөзден

Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды, – делінген ресми өкімде.

НҰРБОЛАТ АЙДАПКЕЛОВ

1979 жылы Жамбыл облысында туған. Қазақ. Үйленген. 4 баласы бар.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

2001 жылғы қаңтардан 2003 жылғы қарашаға дейін Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМҚ-да жұмыс істеді.

2003-2007жж. аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаменті директоры болып қызмет етті.

2007-2008 жж. «КАЗАгро «ҰҚ»АҚ басқарушы директоры.

2008-2009жж. «КазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы.

2009 жылғы шілдеден бастап желтоқсанға дейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты.

2009-2011жж. Статистика агенттігі төрағасының орынбасары.

2011-2013жж. Статистика агеттігінің жауапты хатшысы.

2013-2014жж. Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры.

2015 жылғы қаңтардан 2016 жылғы мамырға дейін түрлі коммерциялық құрылымда басшылық қызмет атқарды.

2016 жылғы 26 мамырдан бастап 2020 жылғы 28 қазанға дейін Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы болды.

2020 жылғы 28 қазаннан бастап - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.