Қалған аумақтардағы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын
Биылғы шілдеде еліміздің 2 облысында қуаңшылық және 8 облысында жауын-шашын тапшылығы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» АҚ.
Қуаңшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болуы мүмкін деген болжам бар, – делінген бүгінгі хабарламада.
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей маңында және Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын тапшылығы күтіледі.
«Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын. Ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында оңтайлы болады», – дейді синоптиктер.