Halyq Uni логотип
×

Жапонияның экс-премьері қастандықтан қайтыс болды

Ол жарақат алғанда жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған

 Дастан Жұмабекұлы 08.07.2022 | 15:11
Жапонияның экс-премьері қастандықтан қайтыс болды
фото: pravda.com.ua

Жапонияның бұрынғы Үкімет басшысы Синдзо Абэге ауруханада қайтыс болды. 

Бұл туралы «Новости» агенттігі хабарлады.

Бүгін оған Нара қаласында қастандық жасалған еді. Осыдан кейін экс-премьерді қалалық өрт сөндіру қызметі ауруханаға жеткізген. Сол жерде жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған Абэге шұғыл көмек көрсетілген. Алайда оны дәрігерлер құтқара алмады.

Ол 67 жасында қайтыс болды.

Абэге оқ атқан күдікті ұсталған. Қазір ол қамауға алынды. Күдікті Синдзо Абэге үгіт-насихат науқаны барысында елдің батысындағы префектурада көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған кезінде оқ атқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама