Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады
Тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 423 705 теңге
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, былтырдан бері елімізде жылжымайтын мүліктің бағасы қымбаттады.
Бір жылда (2021 жылғы маусым мен 2022 жылғы маусымның аралағы, - ред.) қолданыстағы пәтерлердің бағасы 26,8%-ға, жаңа тұрғын 19,5%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы маусым айымен салыстырғанда 21%-ға көбейген.
Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлерге қарағанда Нұр-Сұлтан қаласында бой көтерген үйлердің бағасы 27,9%-ға өсті. Қызылорда қаласында қолданыстағы пәтерлердің бағасы көтерілген. Ол 46,7%-ға өскен. Алматы қаласында тұрғын үйді жалға алудың бағасы өсіп жатыр. Қалада ол бірден 48,3%-ға көтерілген деген дерек бар.
Қазір еліміз бойынша жаңа салынған тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 423 705 теңге.