«ӨКМ Операторының» ісі бойынша 180 миллиард теңгеден аса ұрлық ақша толықтай мемлекетке қайтарылған
Қазақстандағы «құйтырқы» схемалардың артында табысын шетелде жасырған ықпалды тұлғалар тұр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Олжас Бектенов алқа отырысы барысында айтты.
Оның айтуынша, жалпы құны 57 миллиард теңге болатын 600-ден аса теміржол мемлекеттік бақылауға алынған.
«Мысалы теміржол тасымалдаушылары үшін тарифтер 14 есеге – 2200 теңгеден 147 теңгеге дейін төмендеген. Мұндай «құйтырқы» схемалар артында көбіне «көлеңкелі» кірістерін шетелде жасыратын ықпалды тұлғалар тұрды», - деді Антикор басшысы.
Сондай-ақ ол экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және оларды мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты істерді тергеу ерекше бақылауда екенін жеткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 миллиард теңге активтер қайтарылған.
Одан бөлек, «ӨКМ Операторының» ісі бойынша 180 миллиард теңгеден аса ұрлық ақша толықтай мемлекетке қайтарылған. Енді олар әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады.