Halyq Uni логотип
×

Экс-премьер Серік Ахметов өзін толық ақтауды сұрап отыр – дереккөз

2021 жылы бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің жаза мерзімі аяқталды

 Айнұр Шошаева 08.07.2022 | 11:07
Экс-премьер Серік Ахметов өзін толық ақтауды сұрап отыр – дереккөз
Фото: Олеся Кексель, Серік Ахметов

Қазақстанның экс-премьері, бұрын жемқорлық қылмысы үшін сотталған Серік Ахметов мемлекеттік органдарға ресми хат жолдап, Жоғарғы соттан өзін толық ақтауды (барлық айып бойынша), бұл істі «қолдан ұйымдастырғандарды» жауапқа тартуды сұрады. Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков хабарлады.

Экс-шенеуніктің пікірінше, оны қызметінен тайдыру операциясы Антикордың бұрынғы қызметкері, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің жетекшілігімен әзірленген.

Естеріңізге салайық, экс-премьер Серік Ахметов 2015 жылғы желтоқсанда бірқатар жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған еді. Кейін апелляциялық инстанция Серік Ахметовтің жазасын жеңілдетіп, 10 жылдан 8 жылға азайтқан. 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша С.Ахметовтің өтелмеген мерзімінің төрттен бірі азайтылып, сол жылдың қыркүйек айында бостандыққа шықты.

Кейін Серік Ахметовтың жазасын өтеудің нақты мерзімі бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, колониядан босатылды.

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеп болды. 1 қыркүйекте оған тағылған барлық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнің баспасөз қызметінен хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама