Ол ес-түссіз ауруханаға жеткізілді
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні Нара қаласында атып кетті. Күдікті тұтқындалды.
Бұл туралы осы елдің NHK телеарнасының репортері хабарлады. Журналист Синдзо Абэ көшеде сөйлеп жатқанда тапаншаның дыбысын естіген.
Оның айтуынша, экс-премьерді көшеде сөйлеп тұрғанда белгісіз біреу атып кеткен. Ол жарақаттан есін жия алмай, ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы өте қиын. Өлі-тірісі белгісіз. Сол жақ кеудеден екі оқ тиген деседі.
Ал «Киодо» агенттігінің хабарлауынша, оның жүрегі тоқтап қалған.
Әзірге басқа мәлімет жоқ.